Бал биі — би кештерінде (балдарда) жұптасып немесе көп кісі болып билейтін би. Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16 — 17 ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі отанына айналды. Бал биі әр елде түрлі ұлттық өрнекке ие болып, үздіксіз өзгеріп отырды. Оның көпшілік арасында кең өріс алған бурре, гавот, аллеманда, жига, сарабанда сияқты түрлері пайда болды. Бұлардың ішінен, әсіресе, менуэт кең танылды. 1961 жылы Парижде Би академиясы ашылып, ол Бал биінің стилін (еркін биге тыйым салу, салтанаттылық, бишілердің дәрежесіне сай белгілі тәртіпті сақтау, т.б.) жүйеге түсірді. Осыдан кейін би мектептерінде Бал биінен арнаулы сабақ өтетін болды. 18 ғасырда паспье, мюзет, ригодон, контрданс, экоссез, лендлер сияқты еркін орындалатын жаңа билер шықты. Бал биі одан әрі дамып, лендлер, галоп, канкан, мазурка, полька, полонез сияқты түрлері жер-жерге тарады. 19 ғасырдың ортасында вальс — Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды. 19 — 20 ғасырларда Бал биінің дамуына Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері елеулі үлес қосты: вальс-бостон, тустат, уанстеп, блюз, фокстрот, чарльстон, т.б. билер пайда болды. Қазақстанда Бал биі саласы бойынша Алматы жоғары би өнері мектебі арнаулы мамандар, бишілер даярлайды. Вальс, жай вальс, танго, твист, мазурка, полька, полонез, фокстрот, чарльстон, краковяк, т.б. билер кең өріс алған.
Тарихы

«Бал» термині ортағасырлық Еуропада пайда болған, кәсіби емес, ақсүйектердің жұпты билерінен шыққан. Уақыт өте келе бұл билер түрлі өзгерістерге ұшыраған: Еуропа тарихының барлық дәуірлері — қайта өрлеу, ағартушылық, классицизм, романтизм, — өзіндік билер жиынын тудырып отырды. Бүкіл Еуропаның мәдени дамуының барысында бал биіне әр түрлі этникалық көздер және кәсіби билер әсер етіп отырды.
XX ғасыр бал билері XIX—XX ғасыр шегінде африкалық және латын-америкалық әндер мен би мәдениеті жандандырған жаңа еуропалық би негізінде құралды. Қазіргі заманғы бал билерінің басым көпшілігінің түп тамыры еуропалық би мектебінің астыртын техникалық өңдеуінен өткен африкалық билерден бастау алады.
1920-жылдары Англияда Императорлық би мұғалімдері қоғамы тұсында бал билері бойынша арнайы Кеңес құрылды. Ағылшын мамандары сол уақыттағы барлық белгілі билерді стандарттады. Осылайша билер байқауы қалыптасты және содан бері бал биі спорттық және қоғамдық болып екі бағытқа бөлінді. 1930-1950 жылдары стандартты бал билерінің саны оған 5 латын-америкалық билердің (рет бойынша: румба, самба, джайв, пасодобль, ча-ча-ча) қосылуы арқасында көбейді.
Спорттық бал билері

Бал билерінің классификациялары
Бүкіләлемдік би кеңесі анықтаған би жарыстары
Вальс — минутына 28–30 такт
Танго — минутына 31–33 такт
Вена вальсі — минутына 58–60 такт
Факстрот — минутына 28–30 такт
Квикстеп — минутына 50–52 такт
Халықаралық латын-америка
Самба — минутына 50–52 такт
Ча-ча-ча — минутына 30–32 такт
Румба — минутына 25–27 такт
Пасодобль — минутына 60–62 такт
Джайв — минутына 42–44 такт
Америкалық стильдегі би жарыстары (тек АҚШ пен Канадада)
Америкалық байсалды («American Smooth»)
Вальс — минутына 28–30 такт
Танго — минутына 30–32 такт
Факстрот — минутына 30–32 такт
Вена Вальсі — минутына 54–56 такт
Америкалық ритм («American Rhythm»)
Ча-ча-ча — минутына 28–30 такт
Румба — минутына 32 такт
Шығыс жағажайлық Свинг минутына 34–38 такт
Болеро — минутына 24–26 такт
Мамба — минутына 47 такт